Жидебай әулие де, ақын да, жұлдызшы да болған. Батыр жорыққа шығарда қол жинап, қойдың тіс тимеген жауырынына қарап (кейде отқа жағып, күліне қарап та) жорықтың қандай нәтижемен бітетінін алдын ала айтып отырады екен. Алдағы істі болжағыш, көріпкел, қолбасшы болған. Абылай хан Жидебай батырға Балқаш-Ақмола өңіріне жауды кіргізбей, сақшы болуды тапсырған екен. Жидебай батыр жүзден асқанда қайтыс болған. Өзінің бір өлеңінде:
Қартайған кезінде жастық шағындағы жолдасы Қараменде есіне түсіп, жас кезіндегі сәттерін және қартайып, қажыған шақтағы өзгерістерін айтып, пікір алыспақшы болады. Ол кезде ел арасындағы қатынас тек атпен ғана болғандықтан өзі бара алмайды да, ел танып, сөз мәнісін білетін бір жас жігітті шақырып: