Кішкентай қыз анасымен бастауыш мектепке келе жатады. Бір кезде жаңбырдан су болған көзілдірігін сүртіп қойып бір нәрсеге қарап тоқтайды. Анасы қызының назарына іліккен не екен деп қараса, әкесімен велосипедте келе жатқан басқа кішкентай қыз екенін көреді. Велосипедтің артқы орнында отырған кішкентай қыз құлап қалмау үшін әкесін жабыса құшақтап, суықтан қызарған бетін әкесінің арқасына таяп отыр.
Амазон өзенінің дельфині басқа дельфиндерге қарағанда еріншек болып келеді. Олар 30 жылға жуық өмір сүреді. Бұл дельфин шөбі мол таяз суларда олжасын оңай ұстайды. Сондай- ақ олар таза суда тіршілік етеді. Денесінің үстіңгі жағы- қоңырқай. Құйрық жүзбеқанаты әлсіз болғандықтан, суда тез жүзе алмайды.