Мөңке би түс көріп, оны Сырым батырға жорытпақ болады. – Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді, 30 ат қостым – біреуі де келмеді, 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана мәреге аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда, қоян шықты. Осыны жорып берші, – дейді Мөңке би.
Әлемде әдемі жерлер өте көп. Олардың арасында кейбіреулері өте танымал және әртүрлі туристік рейтингтерде құрметті орындарға ие. Танымал 500px фотоқауымдастығының редакциясы дүниеде суретке көп түсірілетін орындарды анықтады. Алдарыңызда ең көп суретке түсірілетін 25 қала көрсетілген. Қабыл алыңыздар.
Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты.Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ. Көбелек қолдан келгенінше барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей қалғандай болып көрінді.
Біраз жыл бұрын, Сиэтл олимпиадасында, 100 метрге жүгіру алаңында 9 бала жүгіруге әзірленді. Олардың бәрі дене бітімі жағынан яки ментальдық деңгейде мүгедектер болатын.
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.