«Жақсы-Есіл-Бұзылық» тас жолы жабылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшеюіне байланысты «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тас жолы жабылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы ескерту смс-хабарлама таратты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.