Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда тексерілмеген жабдықтарды пайдаланғаны үшін ауруханаға айыппұл салынды

Жоспардан тыс тексерулерден кейін Алматы орталық қалалық ауруханасына медициналық жабдықтарды пайдалану кезіндегі өрескел заңбұзушылықтар үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды TengriHealth.
Тексеру не анықтады?
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті мәліметінше, медициналық мекемені тексеру нәтижесінде ауруханада 2026 жылдың 11 ақпанына дейін емделушілерге арналған 106 тексерілмеген медициналық аспаптың пайдаланылғаны анықталды.

"Атап айтқанда жүрек соғу жиілігі, артериялық қысым, қандағы оттегі деңгейі (SpO₂), электрокардиограмма (ЭКГ) және дене температурасын бақылауға арналған модульдер", - делінген хабарламада.

Пресс-релизде инспекторлар жабдықтың тиісті жағдайларсыз немесе метрологиялық аттестаттаусыз пайдаланылғанын, мемлекеттік тізілімде тіркелмегенін және міндетті тексеруден өтпегенін анықтағаны айтылған. Бұл ретте құрылғылар медициналық көмек көрсету кезінде қолданылған.
Бұл несімен қауіпті?
Министрлік мәліметінше, өлшемдердің дәлдігі расталмаған мұндай жабдықты пайдалану медициналық шешімге тікелей әсер етеді және емделушілер үшін қауіп төндіреді.
Нәтижесінде "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңының 17 және 19-баптарының талаптарын бұзу деректері тіркелді:

"Анықталған фактілер тексеру материалдарымен расталды", - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша ауруханаға барлық заңбұзушылықтарды жою және жабдықтарды заңнама талаптарына сәйкес келтіру туралы міндетті нұсқама берілді.
Мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 600 АЕК (2 595 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Медициналық мекеме айыппұлды төлеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus