Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасы Астанадағы турнир алдында Елдос Сметовке қатысты шешім қабылдады

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы бапкерлер штабы Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Tengri Sport Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 8–10 мамыр аралығында Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam беделді турниріне 50-ден астам қазақстандық спортшы қатысады.Қазақстан құрамасының тізімі
Ерлер

60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы;66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев;73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Әнуар Жұмагелдин;81 келіге дейін: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов;90 келіге дейін: Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев;100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов;100 келіден жоғары: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев.

Әйелдер

48 келіге дейін: Аяна Дүйсенбай, Диана Бүркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Әбдуәли;52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Супығалиева;57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Каракенова, Дина Мұханбет;63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Құюлова, Дәмелі Асылханова, Асылжан Орынбасарова;70 келіге дейін: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова;78 келіге дейін: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева;78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берлиқаш, Назгүл Маратова.

Бұл ретте құрамға өзгерістер енгізілуі мүмкін екені атап өтілді.
Елдос Сметов турнирден тағы да тыс қалды
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париждегі жеңісті финалдан бері ресми жарыстарда татамиге шыққан жоқ.
Чемпион Парижден Қазақстанға оралған соң, ағылшын тілін үйрену үшін қайтадан шетелге аттанған болатын. Кейін Сметовке бірнеше ота жасалып, бұл оның жаттығуға оралуына кедергі болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

YELDOS SMETOV (@yeldos60kg) жариялаған жазба


Танымал дзюдошы кейінгі рет 2026 жылдың наурызында Тараздағы ауруханаға түскен болатын – бұл оңалтудың кезекті кезеңі еді.
Бұл ретте Елдос мансабын аяқтауға ниетті емес екенін бірнеше рет айтып, тіпті 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.Қазір Сметовтің әлеуметтік желідегі жазбаларына қарағанда, ол жаттығуға қайта оралған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

YELDOS SMETOV (@yeldos60kg) жариялаған жазба


Абиба Әбужақынова тұрмысқа шығатынын хабарлаған соң турнирден тыс қалдыҰлттық құраманың тағы бір көшбасшысы – әлем чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері Абиба Әбужақынова да команда құрамына енбеді.
Наурыздың соңында ол ұлттық құраманың тағы бір мүшесі Ермахан Әнуарбековпен сөз жарастырғанын жариялаған болатын, ол да құрамға енген жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Abiba Abuzhakynova (@abiba48) жарияланымы


Бұл ретте Абиба 2028 жылғы келесі Олимпиадаға дайындығын жалғастыра беретінін айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus