Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда 1 қыркүйекте қай көшелер жабылады: интерактивті карта

Алматыда алғашқы оқу күнінде жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты жолдардың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Әшімов көшесінде түнгі уақытта қозғалыс толығымен тоқтатылады. 1 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі учаске жабылады. Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады.
Абай даңғылында Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара шектелген. Шектеу 1 қыркүйекті қоса алғанда қолданыста болады. Жұмыстар жолды толық жаппай, бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Байзақов көшесінің бір бөлігінде 31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Бұдан бөлек, шектеулер Қайрат шағын ауданында да енгізілген, онда тұрғын үй кешені үшін су бұру желілері тартылып жатыр. Жұмыстар екі учаскеде жүреді: Тараз бен Бәйге көшелерінің қиылысынан Сұлутал мен Бәйге көшелеріне дейін (30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында) және Сұлутал мен Бәйге көшелерінің қиылысынан Сыбызғы көшесіне дейін (31 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында).

Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау және қала ішінде жүргенде шектеулерді ескеру ұсынылады.
Алматыда 1 қыркүйекте қандай шаралар қабылданады№
Алғашқы оқу күнінде қалада жолдарға түсетін жүктемені азайту үшін бірқатар шара қабылданады.
Оқушыларды тасымалдау үшін 60 мектепке қызмет көрсететін 300 автобус жұмылдырылады. Олар 13 мыңнан астам баланы қамтиды.
1 қыркүйек күні таңертең мектептердің жанында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және кептеліс көп учаскелерде 470 полиция қызметкері кезекшілік етеді. Тұрғындардан жеке көліктерімен мектеп кіреберістеріне дейін бармау сұралады.
Қыркүйектің алғашқы екі аптасында қоғамдық көлік жұмысы да күшейтіледі. 3 200 автобусқа қосымша резервтегі 500-ге жуық машина қосылады. Бұл жүктеме көп бағыттардағы қозғалыс аралығын қысқартуға мүмкіндік береді.
Метрода пойыздар саны 11-ден 13 құрамға дейін көбейтіледі. Таңертең пойыздардың келу аралығы шамамен үш минутты құрайды.
Сонымен қатар, қыркүйектің алғашқы аптасында жүк көліктеріне бақылау күшейтіледі. Еске сала кетейік, салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қаланың тыныс-тіршілігіне қажетті көліктерден бөлек, белгіленген учаскелерде сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін қозғалуға тыйым салынған.
Алматы орталығындағы ірі компаниялар мен ұйымдарға қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру немесе жұмыс күнінің басталу уақытын икемді ету мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Әкімдік 1-5 қыркүйек аралығында қалалық құрылымдар қызметкерлерінің бір бөлігі қашықтан жұмыс істейтінін хабарлады.
Алматы тұрғындарынан бағыттарын алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше таңғы уақытта жеке көліктен бас тартып, қоғамдық көлікті немесе метроны таңдауды сұрайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus