Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстан парламентінің спикері МҰҚК экс-басшысы тарапынан қоқан-лоққы жасалғанын мәлімдеді

Қамшыбек Тәшиев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып тұрған кезде, оның айналасындағылар Қырғызстан Жоғарғы Кенешінің (Парламентінің) депутаттарына қысым көрсеткен. Бұл туралы парламент спикері Марлен Маматалиев журналист Әли Тоқтақұновқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Парламент спикерінің айтуынша, Қамшыбек Тәшиевтің жанында жүрген депутаттар өзге әріптестерінің әрбір сөзі мен іс-әрекетін "деструктивті" деп қабылдап, оны бұрмалап түсіндіруге және саяси мақсатта пайдалануға тырысқан.

"Кейбір депутаттар Қамшыбек Тәшиевке жақындай түсу үшін бе, әлде оның сенімді адамы екенін көрсеткісі келді ме, әйтеуір осы жағдайды жиі пайдаланатын кездер болды", - деді Марлен Маматалиев.

Сондай-ақ ол парламенттік сайлау кезінде өзіне де қысым жасалғанын айтты. Маматалиевтің сөзіне қарағанда, үгіт-насихат жұмыстары басталған алғашқы күні-ақ оған өз кандидатурасын алып тастау туралы ұсыныс түскен. Оның орнына министрдің орынбасары лауазымын, кейін министр етіп тағайындауды және шығындарын өтеп беруді уәде еткен. Сонымен қатар оған "генералдан сәлем" айтып, "өміріңді ойла" деп ескерткен.
Марлен Маматалиев депутат болғаннан кейінгі жағдайға да тоқталды. Оның айтуынша, экс-депутат Нұрланбек Тұрғынбекұлы оған генералдың нұсқауымен жеке фракция құрмауы керектігін, әйтпесе депутаттық мандатынан айырылуы мүмкін екенін жеткізген. Маматалиев бұл талаппен келіспеген. Содан кейін оның парламенттің жетінші қабатындағы жұмыс кабинетін тартып алған.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та Әли Тоқтақұновқа сұхбат берген болатын. Ол 2027 жылғы президент сайлауына қатысудан бас тартып, бұл лауазымға МҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің кандидатурасын қолдау нұсқасын қарастырғанын айтқан еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus