Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мбаппе Холандқа қарсы: ӘЧ-2026 басты матчтерін қайдан көруге болады?

Бүгін, маусымның 27-не қараған түні футболдан Әлем чемпионатында G, H және I топтарының матчтері өтеді. Күннің басты оқиғасы - кейінгі жылдардағы екі үздік сұрмергеннің текетіресі болатын Франция мен Норвегия арасындағы кездесу, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұдан бөлек, бүгін топтағы бірінші орын үшін Испания мен Уругвай ойнайды, ал Бельгия құрамасының плей-оффқа шығуға соңғы мүмкіндігі болады.
Франция - Норвегия: күн матчі
"Манчестер Сити" мен Норвегия құрамасының форварды Эрлинг Холанд француздармен кездесу қарсаңында қарсыластары оларды жеңіп, әлем чемпионатында топ жаратынын айтты.
Норвегиялық футболшы осылайша өз командасынан артық қысымды сейілткісі келетін сияқты - фаворит нәтиже туралы көбірек бас қатырсын дегені болар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Erling Braut Haaland (@erling) жариялаған жазба


Дегенмен Францияның мәселелері жетерлік: құрама турнирдегі ең ұзақ матчті өткізді - Иракқа қарсы ойында найзағайдың басылуын күтуге тура келді, ал норвегиялықтармен өтетін ойында бас бапкер болмайды - Дешам анасын жерлеуге кетті.
Жақсы жаңалық - ойын қалай аяқталса да, екі команда топтан шығып қойған. Бұл ретте топ көшбасшысы кесте бойынша 1/8 финалда немістермен кездессе, екінші орын алған команда Бразилияға тап болады.
Француздарға бірінші орынды сақтап қалу үшін тең ойын да жеткілікті, бірақ бұл оларға керек пе?












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kylian Mbappé (@k.mbappe) жариялаған жазба


Франция құрамасы Әлем чемпионатының топтағы шешуші матчінде бапкерсіз қалдыСенегал мен Ирак плей-оффқа шығуға таласады
I тобындағы тағы бір матчте Сенегал мен Ирак топтан шығудың соңғы мүмкіндігіне жармасып көреді. Қазір командалар қоржынында ұпай жоқ, тек ірі есеппен жеңіске жету оларды плей-офф үшін бәсекеге қайта қосады.
Мәселен, Иракқа үшінші орын алғандар кестесінде Шотландияны басып озу үшін +4 айырмашылығымен жеңіске жету қажет.
Ямаль Вальвердеге қарсы: ӘЧ-2026-дағы "эль-класико"
Алғашқы екі матчтегі тең ойыннан кейін Уругвай топтан шығу үшін Еуропа чемпиондарын жеңуі тиіс жағдайға тап болды. Испаниялықтар жеңілсе де плей-оффқа шығады, бірақ топтағы бірінші орын 1/16 финалда жеңілдеу қарсылас Алжирді, Австрияны немесе Иорданияны кезіктіруге мүмкіндік береді.
Матчті тамашалауға "Реал" мен "Барселона" ойыншыларының текетіресі де себеп - Федерико Вальверде мен Ламин Ямаль алаң ортасында жиі бетпе-бет келетіні анық.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@lamineyamal парақшасынан жарияланым


Возинья өз командасын плей-оффқа шығара ала ма?ӘЧ-2026-ның басты жұлдыздарының бірі Кабо-Верде қақпашысы Возинья командасына 1/16 финалға шығуға көмектесуі мүмкін. Ол үшін Сауд Арабиясы құрамасын жеңу керек.
Жағдай оңтайлы болса, Кабо-Верде топта бірінші орынға да шығуы мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

433 (@433) жарияланымы


Бір түнде бес миллион адам жазылған: Әлем чемпионатындағы сенсациядан кейін қақпашы жұлдызға айналдыДе Брюйне мен Салахтың соңғы мүмкіндігі
G тобында Мысыр құрамасы Иранға қарсы ойнаса, бельгиялықтар Жаңа Зеландиямен күш сынасады. Жеңіс Салах пен Де Брюйне командаларына плей-оффқа жолдама береді, ал жеңіліс Бельгияны додадан шығарып, африкалық ұжымның жағдайын қиындатады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Mohamed Salah (@mosalah) жарияланымы


ӘЧ-2026: 27 маусымдағы матчтер кестесіӘлем чемпионатының барлық ойыны Qazsport және Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирінде, сондай-ақ сайттарында көрсетіледі.

00:00 Норвегия - Франция (Qazaqstan);00:00 Ирак - Сенегал (Qazsport);05:00 Кабо-Верде - Сауд Арабиясы (Qazsport);05:00 Уругвай - Испания (Qazaqstan);08:00 Мысыр - Иран (Qazaqstan);08:00 Жаңа Зеландия - Бельгия (Qazsport).

Бұған дейін футболдан Әлем чемпионаты плей-офф кезеңінің алғашқы бес жұбы белгілі болды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus