Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қайрат“ Сәтпаевтың “Челсиге“ трансфері қарсаңында оның орнын басатын ойыншы тапты

Алматылық "Қайраттың" директоры Арман Бірқұрманов лондондық "Челсиге" ауысқаннан кейін клубтың жұлдызды ойыншысы Дастан Сәтпаевтың орнын кім басуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Vesti.kz порталының мәліметінше, алматылық "Қайратта" лондондық "Челсимен" келісімшартқа отырған вингер Дастан Сәтпаевтың орнын басатын үміткер пайда болды.
Клуб директоры Арман Бірқұрмановтың айтуынша, оның орнын 18 жастағы қазақстандық Азамат Тұяқбаев басуы мүмкін.
Осы маусымда ол "Қайраттың" негізгі құрамына ауыстырылып, кубок матчтарында өзін жақсы жағынан көрсетіп үлгерді.

"Азамат өте қабілетті, техникалық тұрғыдан жақсы жарақталған, футболдық интеллектісі дамыған, шешуші сәттерді өзі аяқтай алады. Бірақ қауесеттерге келетін болсақ, бұл кедергі келтіруі мүмкін, оның бұған қалай қарайтынын нақты білмейміз. Ол әлі де көп жұмыс істеу керек екенін түсінеді деп үміттенемін, сонда Дастан сияқты нақты ұсыныс міндетті түрде пайда болады. Қазіргі уақытта Тұяқбаев бойынша ресми ұсыныс түскен жоқ. Азамат Сәтпаевтың әлеуетті алмастырушысы бола ала ма? Егер ол командада болса, әрине, біз оған үміт артамыз, оның әлеуеті жоғары. Оның негізгі құрамның тұрақты ойыншысы болғанын қалаймыз. Оның үстіне, біздің чемпионатымызда легионерлерге қойылатын лимит қатаңдап жатыр", - деді Бірқұрманов дереккөзге берген сұхбатында.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Азамат Тұяқбаевтың (@aza_tuyakbaev17) жарияланымы


Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында Тұяқбаев төрт кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар, Қазақстан кубогінің екі ойынында үш гол соғып, көзге түсті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Азамат Тұяқбаевтың (@aza_tuyakbaev17) жарияланымы


Дастан Сәтпаев жақын арада "Челсиге" ауысады
Еске сала кетейік, 2025 жылдың ақпанында алматылық "Қайрат" 17 жастағы Сәтпаевтың лондондық "Челсиге" ауысатынын хабарлаған болатын. Трансфер сомасы бонустарды есептегенде қазақстандық футбол үшін рекордтық 4,3 миллион еуро болды.
Ойыншы ағылшын клубына тамызда 18 жасқа толғаннан кейін қосылады деп жоспарланған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Дастан Сәтпаев - Чемпиондар лигасындағы Қазақстан рекордшысы
Еске сала кетейік, өткен маусым жас спортшы үшін нағыз серпіліс болды, ол Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ("Копенгагенмен" сырт алаңда өткен матчтің 81-минутында) гол соқты, сондай-ақ Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды - Бельгияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчында.
Өткен маусымда Сәтпаевтың еншісінде барлығы 20 гол мен 8 нәтижелі пас бар: ҚПЛ-да - 14+7, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде - 3+1, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі мен Қазақстан кубогінде бір-бір голдан.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


“Күтпеген жағдай“: Қазақстан құрамасы аңызының ұлы әкесіне қарсы ойнайды
Бұған дейін 2028/2029 жылғы маусымнан бастап Еуропада құрамалар арасындағы екі турнир де: Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі өзгеретіні белгілі болды. Tengri Sport тілшісі енгізілген өзгерістерді талдап, бұл Қазақстанның басты турнирлерге жолдама алу мүмкіндігіне қалай әсер ететінін анықтап көрді.
Ал еліміздің ең танымал футболшысы - "Қайрат" қақпашысы Шерхан Қалмұрза U-21 құрамасында дебют жасауы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus