Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Футбол мен бокс аңыздары жұдырықтастпақ: жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

Швециялық әйгілі футболшы Златан Ибрагимович пен бокстан аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри жекпе-жек өткізулері мүмкін екенін аңғартты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Спорт жұлдыздарының әлеуметтік желілерінде Ибрагимович пен Фьюридің бір-бірімен кездесуі мүмкін екенін меңзейтін ортақ жазба жарияланды.
Суреттерде боксшы мен футболшы көз арбасу рәсімін өткізіп жатыр.
Бұл оқиға өтетін күн ретінде 1 тамыз, ал өтетін орны ретінде Дублин (Ирландия) таңдалған. Сондай-ақ спортшылар өз жазбаларында ықпалды промоутер, Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Аль аш-Шейхті белгілеп кетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Zlatan Ibrahimović (@zlatan) жариялаған жазба


Златан Ибрагимович - футбол аңызы
Златан Ибрагимович XXI ғасырдағы ең жарқын әрі ерекше футболшылардың бірі. 1981 жылы Швецияда босниялық иммигранттар отбасында дүниеге келген ол мансабын "Мальмёде" бастап, 2001 жылдың өзінде-ақ "Аяксқа" ауысты. Ұзаққа созылған мансабында Златан Еуропаның "Ювентус", "Интер", "Барселона", "Милан", "Манчестер Юнайтед" және ПСЖ сияқты үздік клубтарында ойнады.
Әсіресе, оның Италия чемпионы атағын екі рет жеңіп алған "Интердегі" және Францияда үстемдік құрған ПСЖ-дағы өнері жанкүйерлер жадында қалды. Ибрагимович 35 жастан асқаннан кейін де жоғары деңгей көрсетуін тоқтатпады - "Манчестер Юнайтедте" сәтті өнер көрсетіп, "Миланға" екі мәрте қайта оралды.
Ибрагимович 2023 жылы 41 жасында нағыз аңыз деген атпен спорттық мансабын ресми түрде аяқтады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Zlatan Ibrahimović (@zlatan) жариялаған жазба


Тайсон Фьюри - бокс аңызы
Тайсон Фьюри тегі сыған британдық ауыр салмақтағы боксшы, бокс тарихындағы ең ерекше чемпиондардың бірі. 2015 жылы ол Владимир Кличконы сенімді түрде жеңіп, WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын тартып алып, бүкіл әлемді таң қалдырды.
Осы жеңістен кейін Фьюридің мансабы құлдырай бастады: депрессия, ішімдік пен есірткіге қатысты мәселелер және ұзақ үзіліс болды. Көпшілік оны спорттан кетті деп ойлады. Алайда, 2018 жылы Тайсон ерекше оралды. Ол Деонтей Уайлдермен аңызға айналған трилогия өткізіп (жеңіс, тең түсу, жеңіс), 2024 жылы Александр Усикпен кездесті. Бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалса, 2025 жылғы екінші кездесуде барын салғанымен, тағы да есе жіберді.
Екі жеңілістен кейін Фьюри зейнетке кететінін мәлімдегенімен, кейін рингке қайта оралды. Соңғы жекпе-жегінде ол тегі ресейлік канадалық боксшы Арсланбек Махмудовты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus