Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Bloomberg: АҚШ пен Израиль Газа секторының болашағын талқылап жатыр

АҚШ пен Израиль палестиндік ХАМАС радикалды тобы Газа секторынан тықсырылған жағдайда аймақтың болашағы қалай болатынын талқылады. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Bloomberg жазды.


Газа секторында БҰҰ мен араб елдерінің қатысуымен уақытша үкімет құру мүмкіндігі туралы болжам да айтылған. АҚШ барлау қызметінің бұрынғы сарапшысы Уильям Ашердің пікірінше, уақытша үкімет құру қиын, ал араб елдері үкіметтерінің келісімін алу – одан да қиын болмақ.


Агенттіктің дереккөзінің айтуынша, бұл мәселе енді ғана талқылана бастаған және оның нәтижесі көп жағдайда Израильдің құрлық операциясының барысына байланысты. Bloomberg пен Times of Israel басылымдарының жазуынша, АҚШ пен одақтастары Газадан бейбіт адамдар кетіп үлгеруі үшін және кепілге алынған адамдарды босату бойынша келіссөзді жалғастыру үшін шабуыл мерзімін шегертуге тырысып бағуда.  


Израиль билігі Газа секторын басып алуды көздемейтінін, бірақ 7 қазанда Израильге шабуылдаған ХАМАС тобын жоюды көздейтінін айтқан. Жихадшылардың Израильге жасаған шабуылынан 1400-ден астам адам қаза тапты. Газа секторында, Палестина жағының дерегінше, құрбан болғандар саны 3 700-ден асқан. Шамамен 200 адамды ХАМАС тобы кепіл ретінде ұстап отырғаны айтылады. 


20 қазанда Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант ХАМАС-қа қарсы әскери операция үш кезеңнен тұратынын айтқан. Қазір алғашқы кезеңі жүріп жатыр, ал соңғы кезеңінде "Газа секторында қауіпсіз жаңа режим құрылып, Израиль ондағы қауіпсіздікке жауапкершіліктен босатылмақ". 

 

Ал Израиль оппозициясы Газа секторына бақылауды қазір Иордан өзенінің батыс жағалауын басқарып отырған Палестина әкімшілігіне беруді ұсынады. Сарапшылар бұл ұсыныс өміршең еместігін, себебі халықтың "әкімшілікке сенімі жоғалғанын" және "Газа секторымен едәуір байланысты үзгенін де" айтады. 

 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus