Мы в Telegram
Добавить новость

Ремонт Московского проспекта от Богоявленской площади до Фрунзе обещают вести по часам

Лебединое озеро, Спартак… Намечается грандиозный фестиваль балета

И.о. главы Минздрава Красноярского края стала Наталья Говорухина

ИВАНЕНКОВЫ. От Брест-Литовска до Берлина

World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт-насихат басталды 

Қазақстанда президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт-насихат басталды 

21 қазанда Қазақстан президенттігінен үміткерлерді тіркеу аяқталды. Ресми түрде алты адам кандидат болып тіркелді.

Орталық сайлау комиссиясы жұма күні Бақыт Жаңабаев пен Жұматай Әлиевті президенттіктен үміткер тізіміне қоспады.

Комиссияның мәлімдеуінше, Бақыт Жаңабаев өзін қолдаушылардың 58 880 қолын жинаған, оның 4054-і ғана расталған.

Ресми мәліметке қарағанда, 70 жастағы Жұматай Әлиевтің денсаулығына қатысты мәліметтерде кінәрат табылған, бұған қоса ол жинаған 187 723 қолдың тек 36 776-сы нақтыланды.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сай екі кандидаттың да жинаған қол саны тиісті межеге жетпейді. Заң бойынша, тіркелу үшін үміткер Қазақстандағы сайлаушы санының 1 пайызының қолын жинап өткізуі тиіс.

Орталық сайлау комиссиясы Астанада шешімді жариялаған соң залда отырған Бақыт Жаңабаев үн-түнсіз шығып кетті.

46 жастағы Бақыт Жаңабаевты “Қазақстан футбол әуесқойлары” лигасы ұсынған. Ол - Астана қалалық мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері, мемлекеттік қызметте 21 жылдан бері жұмыс істейді.

Ал "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі атынан президенттіке кандидат ретінде ұсынылған Жұматай Әлиев комиссия мүшелеріне сұрақ қоюға ұмтылды. Бірақ онымен ешкім сөйлеспеді.

- 2019 жылы мені қазақ тілін білмейді деп тоқтатты. Енді денсаулық деп отыр. Денсаулығым өте жақсы. Қол жинамады дейді, оған дәлел керек. Бұл жүйе өзгермесе сол қалпы қалады. Нағыз демократия керек. Менің партиямды да тіркемей отыр. Мен енді тоқтамаймын, - деді ол жиыннан соң Азаттыққа берген сұхбатында.

Жұматай Әлиев 2012-2016 жылдары Қазақстан халық ассамблеясы атынан мәжіліс депутаты болған. 2019 жылы мерзімінен бұрын президент сайлауына кандидатурасын ұсынып, арнайы құрылған тіл комиссиясының шешімі бойынша, мемлекеттік тіл сынағынан өте алмаған.

Тіркелмеген “Ел тірегі” партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевтың құжаттары сайлау туралы заң талаптарына сәйкес емес деп танылып, оның да кандидатурасы тізімге ілінбеді. Әлтаевты “Мұқалмас” тәуелсіз бақылаушылар бірлестігі ұсынған. Кейін бірлестіктің бірнеше мүшесі оның кандидатурасын ұсыну туралы хаттаманы заңсыз деп тануды сұрап сотқа шағым түсіріп, ОСК Әлтаевтың үміткерлігін уақытша тоқтақан. 17 қазанда сот бірлестік мүшелерінің шағымын қанағаттандырды.

Үкіметте лауазымды қызметтер атқарып, кейін биліктегі "Нұр Отан" (қазіргі "Аманат") партиясының атынан мәжіліс депутаты болған Нұржан Әлтаев 2020 жылы партияны сынға алып, артынша депутат мандатынан айырылды. Содан бері ол билікті сынап, "Ел тірегі" партиясын тіркеуге талпынып жүр.

21 қазанның кешінен бастап ресми тіркелген алты кандидат үгіт-насихат жүргізіп, өздеріне дауыс беруге үндейді. Үгіт-насихат 19 қараша түнгі 12-ге дейін жалғасады.

Тіркелген кандидаттар: қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев (қоғамдық-саяси күштердің коалициясы), Қарақат Әбден ("Кәсіби әлеуметтік жұмыс қызметкерлері" қауымдастығы), Жигули Дайрабаев ("Ауыл" партиясы), Мейрам Қажыкен ("Аманат" кәсіподақтар қауымдастығы), Салтанат Тұрсынбекова ("Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігі), Нұрлан Әуесбаев (ЖСДП).

Тәуелсіз сарапшылар бұл сайлауда Тоқаевқа шынайы бәсекелес болатын үміткер тіркелген жоқ дейді. Азаттық тілдескен кандидаттардың біразы қазіргі президенттің саясатын қолдайтынын, президент болуға ұмтылмайтынын айтты.

Соңғы жылдары партия құруға ұмтылып, билік саясатын сынаған белсенділер шыққанымен, бірде-бір партия ресми тіркеуден өткен жоқ. Бастамашыл топтар әділет министрлігіне құжаттарын бірнеше қайтара өткізгенімен, құзырлы орган олардың өтінішін кері қайтарды. Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашы топ жетекшісі Жанболат Мамай қамауда отыр.

2019 жылы наурызда президенттікке келген Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында "түбегейлі және жан-жақты реформа жүргізуге мандат алу" үшін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізетінін мәлімдеген.

Тоқаев кемінде 238 адамның өмірін жалмаған жыл басындағы Қаңтар оқиғасынан кейінгі "инерцияны пайдаланып, қарсыластарының алдын орап кетуді көздейді" деген ой айтқан. Кейбір саясаткерлер бұл сайлауды заңсыз деп санап, оған қарсылық білдіруге шақырды.

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Эксперт «Швабе» рассказал о влиянии господдержки на производство гражданской продукции

Диетолог Ким рассказала о продуктах с высоким содержанием соли

Уехавшего в США художника Станислава Шминке объявили в розыск

ИВАНЕНКОВЫ. От Брест-Литовска до Берлина

Музыкальные новости

В Санкт-Петербург прошел ХIХ Санкт-Петербургский международный книжный салон

Футбол Беларуси. Минское «Динамо» сразилось с «Шахтером» из Солигорска

Шапки женские вязаные на Wildberries, 2024 — новый цвет от 392 руб. (модель 466)

Появился трейлер исторического детектива «Плевако» с Сергеем Безруковым в роли легендарного российского адвоката

Новости России

Ремонт Московского проспекта от Богоявленской площади до Фрунзе обещают вести по часам

Пациенты больницы принял участие в фестивале

Ректора МГРИ имени Орджоникидзе Косьянова приговорили к колонии за мошенничество

Диетолог Ким рассказала о продуктах с высоким содержанием соли

Экология в России и мире

Выездной Фотограф для всех желающих, ну и конечно Артистов и Музыкантов.

Шапки женские вязаные на Wildberries, 2024 — новый цвет от 392 руб. (модель 466)

Выставки индустрии моды в Москве

Сотрудники отеля Yalta Intourist поздравили ветеранов с Днём Великой Победы

Спорт в России и мире

Рыбакина узнала свое место в новом мировом рейтинге

Арина Соболенко сняла траур по Кольцову и завела новые романтические отношения

Рахимова прошла во второй круг турнира WTA в Рабате на отказе Таунсенд

Сумасшедший матч «Реала», Медведев опустился в рейтинге ATP. Главное к утру

Moscow.media

MONT расширил продуктовую линейку ИБ-решений при поддержке «Сайберпик»

Дагестанская «долина Смерти».

Работники АО "ДиМ" приняли участие во всероссийском полумарафоне

Шапки женские вязаные на Wildberries, 2024 — новый цвет от 392 руб. (модель 466)











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Проект «Лето в Москве» впервые объединит все летние мероприятия в городе

ИВАНЕНКОВЫ. От Брест-Литовска до Берлина

Ремонт Московского проспекта от Богоявленской площади до Фрунзе обещают вести по часам

«Ведомости»: садоводов обяжут освоить полученные участки в течение трех лет