Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БҚО полициясы аспаннан құлаған белгісіз объектіні тексеріп жатыр

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының полициясы Қарасу және Жұлдыз ауылының ортасындағы далаға құлаған белгісіз объектіні тексеріп жатыр. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.


4 шілде түнде полицияға Бостандық ауыл тұрғындары аспаннан "белгісіз отты шар" құлағанын айтып хабарласқан. Объект құлаған маңда өрт болып, оны төтенше жағдай мамандары өшірген. 


Әлеуметтік желі қолданушылары объектінің фотосы мен видеосын жариялап, оны "көлемі - үш те үш метр, ортасында люкке ұқсас дөңгелек бар. Материалы мата сияқты жұмсақ" деп сипаттап жатыр. 


Интернет қолданушылар объект құлағаннан кейін "ұялы байланыс дұрыс істемей қалғанын" да жазды.


Ал Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин Азаттыққа "объектінің құлауынан елді мекендерге ешқандай зиян келген жоқ" деді. Әкім орынбасарының айтуынша, қазір объект құлаған аймақта мемлекеттік органдардың өкілдері кіретін координациялық топ жұмыс істеп жатыр және ол маңға жақын күндері экологтар барып, экспертиза жүргізіледі.  


Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті Азаттыққа әлеуметтік желіде тараған хабарға қатысты нақты комментарий беруден бас тартты. 


Оқи отырыңыз: Зымыранның құлауы ауыл тұрғындарын дүрліктірді


2014 жылы наурызда Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Шоңғай ауылының маңына Ресейдің Капустин Яр полигонынан ұшырылған метеорологиялық "МН-300" зымыраны құлаған. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus