ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар жарыс алаңына шықты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар жарыс алаңына шықты. Шардара ауданында ұйымдастырылған шара жаны жабырқау жандардың қоғамға қажет екенін ұқтырып, оларға рухани дем беру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.