Қазақстанның бірнеше өңіріндегі тасжолдарда қозғалыс шектелді
23 қарашада республикалық маңызы бар Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – Ресей шекарасы тасжолында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
Шектеу екі көршілес учаскеде қолданылады. Ақтөбе облысында қозғалыс 104-тен 337-шақырымға дейін – Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін жабылды. Атырау облысында шектеу 337-ден 346-шақырымға дейінгі учаскені – Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз ауылына дейінгі аралықты қамтиды.
Екі учаскеде де жолдың ашылуының болжамды уақыты – 23 қараша сағат 17:00.
Тағы оқыңыз: Алма-Арасанға апаратын жол тас құлауына байланысты бір айға ішінара жабылады