Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтиханды онлайн тапсыруға болады

Қазақстанда жол жүрісі қағидаларын (ЖЖҚ) білу бойынша теориялық емтиханды қашықтан тапсыру мүмкіндігі бар. Әзірге бұл қызмет Астанада пилоттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Tengri Auto "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа функция eGov Mobile қосымшасындағы "ХҚКО қызметтері" - "Теорияны онлайн тапсыру" бөлімінде пайда болды. Енді жүргізуші куәлігін алуға теориялық емтихан тапсыру үшін ХҚКО-ға бару міндетті емес. Ол үшін компьютер немесе ноутбук, смартфон және тұрақты интернет қажет болады.

Бірінші кезеңде қызметті тұрақты тіркеуі бар Астана тұрғындары пайдалана алады. Сонымен қатар үміткер бірнеше талапқа сай болуы тиіс:

бұрын жүргізуші куәлігін алмаған;
автокөлік басқару құқығынан айырылмаған;
автомектепті аяқтағаны туралы қолданыстағы куәлігі бар;
қолданыстағы медициналық анықтамасы бар;
диспансерлік есепте тұрған жоқ.

Өтінім берер алдында жүйе үміткердің осы шарттарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді.
ЖЖҚ емтиханын онлайн қалай тапсыруға болады?
Тестілеуден өту үшін eGov Mobile қосымшасын ашып, "ХҚКО қызметтері" бөліміне өтіп, "Теорияны онлайн тапсыру" батырмасын таңдау қажет. Содан кейін жүргізуші куәлігі санатын таңдап, 1414 нөмірінен келетін СМС арқылы дербес деректерді өңдеуге келісім беріп, қызмет ақысын төлеу керек.
Төлем жасалғаннан кейін eGov-тағы жеке кабинетте емтиханға арналған дербес сілтеме пайда болады. Ол 30 күн жарамды және тек өтініш берушіге арналған. Тестілеуден компьютер арқылы өтуге болады.
Емтихан 40 сұрақтан тұрады, оған 40 минут беріледі. Тестілеуден өту үшін кемінде 32 сұраққа дұрыс жауап беру қажет. Емтихан күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін болады, бірақ кешке 19:20-дан кешіктірмей бастау керек.
Күніне бір рет тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Егер үміткер қажетті балл жинай алмаса, емтиханды келесі күні қайта тапсыруға болады. Тестілеу басталғанға дейін түстерді ажырату тексерісінен өту қажет.
Емтихан тапсыру барысы қалай бақыланады?
Қашықтан тестілеу үшін автоматтандырылған прокторинг жүйесі бар ExamApp қосымшасы қолданылады. Ол үміткердің сұрақтарға өз бетінше жауап беріп, басқа біреулердің көмегіне жүгінбеуін қадағалайды.
Емтихан басталмас бұрын жүйе үміткердің суретін профильдегі суретпен салыстырып, жеке басын тексереді. Тестілеу кезінде бейнежазба, аудиобақылау және компьютер экранының жазбасы жүргізіледі.
Сонымен қатар камерасы жұмыс істеп тұрған екінші смартфон қажет болады. Оны емтихан тапсырушыдан шамамен 1,3 метр қашықтықта орналастыру керек. Кадрда кандидаттың өзі, жұмыс үстелі және компьютер экраны көрінуі тиіс. Тестілеу басталғанға дейін бөлмені де көрсету қажет.
Жүйе компьютерде тыйым салынған бағдарламалардың, VPN, Proxy, қашықтан қол жеткізу құралдарының, виртуалды машиналардың және қосымша мониторлардың бар-жоғын тексереді. Емтихан терезесі бүкіл экранға ашылады, терезе ауыстыру бұғатталады.
Барлық ықтимал заңбұзушылық автоматты түрде тіркеледі. Одан кейін нәтижені уәкілетті тұлға қарастырады.
Емтихан тапсыру үшін Windows 7 және одан жоғары немесе macOS орнатылған компьютер немесе ноутбук, веб-камера, микрофон және тұрақты интернет қажет. Браузер ретінде Google Chrome ұсынылады.
Емтиханды тікелей телефоннан, планшеттен немесе гибридті құрылғыдан тапсыруға болмайды.
Теорияны сәтті тапсырғаннан кейін үміткер "ХҚКО" қосымшасы арқылы көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханға жазыла алады немесе жақын маңдағы мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіне алады.
Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігіне теорияны онлайн тапсыруға рұқсат беру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus