Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы шешім қабылданды: себебі айтылды

Сот Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, 12 жылға бас бостандығынан айырылған Кәрім Көкірекбаевты ауыр сырқатына байланысты жазасын өтеуден босату туралы шешім шығарды. Алайда қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ: прокуратура оның күшін жоюды талап етіп отыр. Tengrinews.kz мән-жайын анықтады.
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және "Қазселденқорғау" мекемесінің экс-басшысы, 69 жастағы Кәрім Көкірекбаев бостандыққа шығуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Өткен аптада Алматы облысы Алатау қалалық соты Көкірекбаевты денсаулық жағдайына байланысты бостандыққа шығару жөнінде өтінішті қанағаттандырғаны хабарланды.
Прокуратура сот шешіміне наразылық білдірді
Алматы облысының прокуратурасы бұл ақпаратты растады. 2026 жылғы 17 қарашада Алатау қалалық соты Көкірекбаевты ауыр сырқатына байланысты колониядан босату туралы шешім шығарған. Сотқа мұндай өтінішпен № 57 түзеу мекемесінің басшылығы жүгінген.

"Алматы облысы Алатау қалалық сотының 17.11.2026 жылғы қаулысымен сотталған К.Н. Көкірекбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, ауыр сырқатына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы № 57 мекеме әкімшілігінің ұсынысы қанағаттандырылды.
Бұл сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Қазір прокуратура органдары бұл сот актісінің күшін жою туралы жеке өтінішхат берді", – деп хабарлады прокуратура.

Осылайша, прокуратура экс-әкімді бостандыққа шығару туралы шешімді даулап жатыр. Бұл ретте ведомство қандай ауру туралы сөз болып жатқанын нақтыламады.
Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Алматы облыстық сотына хабарласты. Алайда материал жарияланған сәтте жауап алынған жоқ.
Көкірекбаев не үшін 12 жылға сотталды?
2022 жылғы желтоқсанда Антикор сол кезде ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесін басқарған Кәрім Көкірекбаев ұсталғанын хабарлады.
Тергеу мәліметінше, ол аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ осы іс бойынша оның орынбасары Әділет Ахатаев пен "Bazis Construction INFR" мердігер ұйымының басшысы Андрей Поплавский жауапқа тартылды.
Лауазымды тұлғалар атқарылған жұмыс актілеріне қол қойып, мердігерлерге қамқорлық жасағаны үшін ақша алып отырды делінген. Тергеу назарында қорғаныс құрылыстары, соның ішінде Қорғас өзеніндегі жұмыстар болды.
2023 жылғы мамырда Антикор параның жалпы сомасы 396 миллион теңге болғанын хабарлады. Кейін сот схемаға қатысушылар мердігер орындамаған құрылыс-монтаж жұмыстары туралы құжаттарға қол қойғанын анықтады.
Мемлекетке келтірілген шығын 2 миллиард теңгеге жуық – 1 987 827 622 теңге.
Ақтаудан 12 жылға бас бостандығынан айыруға дейін
Көкірекбаевтың соты оңай болған жоқ. 2024 жылғы маусымда алқабилер "Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысын ақтап шықты. Ал оның орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер Андрей Поплавский 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. 2024 жылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты ақтау үкімінің күшін жойды. Көкірекбаев сот залында ұсталып, іс қайта қарауға жіберілді.
Бір жылға жуық уақыт өткен соң, 2025 жылғы 3 шілдеде алқабилер соты жаңа үкім шығарды. Кәрім Көкірекбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылса, Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавскийге 11 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сот сотталғандарды мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.
Кәрім Көкірекбаев деген кім?
Кәрім Көкірекбаев – әр жылдары Үкіметте, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында, дипломатиялық қызметте және өңірлік әкімдіктерде жұмыс істеген бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік.
Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін ол Астана халықаралық әуежайының бас директоры, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, сондай-ақ ҚТЖ-да басқарушы лауазымдар атқарған.
2009 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2013 жылғы желтоқсанда Көкірекбаев Жамбыл облысын басқарды. Бұл қызметте ол 2018 жылғы қаңтарға дейін жұмыс істеді. 2019 жылғы тамызда Көкірекбаев жаңа лауазымға ие болды – ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Бұл ұйым сел мен көшкіннің алдын алуға, сондай-ақ қорғаныс құрылыстары мен құлақтандыру жүйелерін күтіп ұстауға жауапты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus