Қылмысты болған соң қысылады да...
Қыстың бір түнінде Қ. аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Тілемсеков қырық түрлі ойға шомып, қырық рет қысылып, таң атқанша-ақ қырқылжың тартып, қартайып шығыпты. Түнімен көрген азабы аза бойын қаза етіпті. Бірде қабынып, бірде шабылып, түнімен көрмеген қорлығын көріпті. Қысқасын айтқанда бұл түнгі көрген азабы Данте жазатын тозақтан бір де былай болмапты. Кеш алдында ғана өзінің қылмысын білетін біреумен түс шайысып, жүз жыртысып қалған екен, түнімен дөңбекшіп шығатын кесел де нақ осыған жабысыпты. Читать дальше...