Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шығыс Қазақстан облысында жолда қалған адамдарды құтқарып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында ұйытқыған бораннан жолда қалған 400-ден астам адамның 312-сі құтқарылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) баспасөз қызметі хабарлады. 21 қаңтар күні таңға дейін 312 адамның 28-і ауруханаға, 115-і мектеп пен колледжге, 60-ы Таскескен ауылы тұрғындарының үйлеріне, 70 адам кафеге уақытша орналастырылған. Қалған адамдар Үржар ауданындағы үйлеріне жеткен. Бораннан көліктері тығылып, жолда қалған басқа адамдар эвакуациядан бас тартқан. 


Комитет ақпаратына қарағанда, Алматы - Өскемен жолында күртік қарда 230-дан астам көлік тұрып қалған. Жергілікті билік органдары оларға ыстық тамақ пен жанармай жеткізіп жатыр. Жолда қалған адамдар әзірге дәрігерлік көмекке жүгінбеген.


Қаңтардың 20-сы күні қатты бораннан Үржар ауданында Алматы-Өскемен бағытындағы жолдың 681-шақырымында көліктер қарға тығылып, кептеліп жүре алмай қалған. Сол күні түскі сағат 12-ден бастап бұл бағыт бойынша жол жабылған. Ал кеше сағат18.30-дан бастап Таскескен - Бақты жолының Таскескен ауылынан Қытаймен шекараға дейінгі аралығында жол жабылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus