Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Арман Царукян UFC 331 турниріндегі ауыр нокаут үшін миллиондар тапты

Жеңіл салмақтағы ресейлік-армениялық файтер Арман Царукян бразилиялық Маурисио Руфиді айқын нокаутқа түсіріп, қомақты сыйақы алды, деп хабарлайды Tengri Sport MMAJunkie-ге сілтеме жасап.
2026 жылдың 19 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Crypto.com Arena-да өткен UFC 331 турнирінде Арман Царукян қомақты табысқа кенелді. Басылым мәліметінше, файтерге 350 мың доллар көлемінде кепілдендірілген сыйақы төленді, сондай-ақ ол жарқын жеңісі үшін 100 мың доллар көлемінде "Кеш өнерпазы" бонусын алды (жалпы сомасы 450 мың доллар – 201 миллион теңге).












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы


Царукян қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді
Октагонда Арман Царукян бразилиялық қауіпті соққы шебері Маурисио Руффимен кездесті. Бірінші минутта-ақ Царукян оң жақтан ауыр соққы жіберіп алып, сол жақ көзінің асты бірден ісіп кетті.
Дегенмен, Царукян сасқалақтаған жоқ. Ол тік тұрып жұмыс істеп, арасында айқасты партерге ауыстыруға тырысты, бірақ Руфи тейкдаундардан жақсы қорғанды. Раундтың басым бөлігінде армениялық файтер тор жанындағы клинчте басымдық танытып, қарсыласын қажытуға тырысты.
Бірінші раундтың аяқталуына төрт секунд қалғанда, Царукян Руфиді торға қарай бұрып, басына сол жақ шынтақпен жойқын соққы жұмсады. Бразилиялық есінен танып қалды, ал оң жақ шынтақпен жасалған соңғы соққы оны біржола сұлатып түсірді.
Осы жеңісінен кейін Царукян жеңісті сериясын алтыға дейін ұзартып, енді титулдық жекпе-жекке лайық екенін ашық мәлімдеді.

GIVE ARMAN TSARUKYAN THE TITLE SHOT!!pic.twitter.com/IawZ8HpwWR
— MMA On Point (@mmaonpoint) September 20, 2026
Турнирде ең көп сыйақыны кім алды?
UFC 331 турнирінде жарияланған ең ірі сыйақы аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион бразилиялық Алешандре Пантожаға бұйырды. Ол 650 мың доллар көлемінде кепілдендірілген төлем (жеңіс үшін бонуссыз) алды, сонымен қатар чемпион Джошуа Ванмен бірге "Кештің үздік жекпе-жегі" бонусын (әрқайсысына 100 мың доллардан) бөлісті. Осылайша, Пантожаның жалпы табысы 750 мың доллар (335 миллион теңге) болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы


Пантожа - Ван жекпе-жегі қалай өтті?
Кештің басты оқиғасы Джошуа Ван мен Алешандре Пантожа арасындағы аса жеңіл салмақтағы чемпиондық титул үшін реванш болды. Олардың 2025 жылғы желтоқсандағы алғашқы кездесуі 26-шы секундта Пантожаның жарақатымен аяқталған еді.
Бұл жолы жекпе-жек бес раундқа созылды. Ван жылдамдығының, джебтері мен тік тұрып жасаған комбинацияларының арқасында басымдық танытты. Пантожа бірнеше рет чемпионды партерге құлатып, бақылау уақыты бойынша ұпай жинағанымен, сабмишендермен айтарлықтай қауіп төндіре алмады. Бесінші раундта Ван оң жақ оверхенд соққысымен қарсыласын нокдаунға да түсірді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы


Төрешілер жеңісті бірауыздан Ванға берді. 24 жастағы чемпион титулын екінші рет сәтті қорғап, дивизионда ең мықты кім деген сұраққа нүкте қойды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация от Dana White (@danawhite)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus