Қазақстандық фристайлшылар әлем кубогында жүлде алды
Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд (88,44 ұпай), әйелдер арасында Юлия Галышева (84,61) үздік үштікке енді.
Ерлер жарысында алтынды жапониялық Икума Хорисима (93,88), күмісті канадалық Микаэль Кингсбери (93,27) иеленсе, әйелдер арасында бірінші-екінші орынды канадалықтар Жюстин Дюфур-Лапуант (87,43) пен Энди Ноуди (85,35) бөлісті.
Рейхерд осыған дейін Финляндия, Қытай, АҚШ-та өткен әлем кубогы кезеңіндерінде күміс, ал Галышева Қытайдағы кезеңде алтын алған.
Екі спортшы да ақпанда өтетін қысқы олимпиадаға қатысады.