Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жандосов көшесінде жолды қазып тастады: Алматыда жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Алматы тұрғындары Жандосов пен Егізбаев көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстарына назар аударды. Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктен онда не болып жатқанын жәнеқашан аяқталатынын білді.
Жаңа жол ма? Не болып жатыр?
Учаскенің суреттерін Tengrinews.kz оқырмандары жіберді. Кадрлардан қазылған аумақты, траншея мен құрылыс техникасын көруге болады.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz
Жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Алматы әкімдігі Егізбаев көшесінен оңтүстікке қарай, Жандосов көшесіндегі №37 және 37А үйлердің бойында жолдың жүру бөлігі кеңейтіліп жатқанын түсіндірді.Қазір мердігер сатып алынған учаскелерді босатып, инженерлік коммуникацияларды көшіріп жатыр.

"Бүгінде сатып алынған жер учаскелеріндегі құрылыстарды бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ инженерлік желілерді қайта құру және жол төсемінің негізін дайындау жұмыстары жалғасып жатыр", – деп хабарлады әкімдік.

Әкімдік 2026 жылдың қазанында жұмыстарды аяқтап, жолды ашуды жоспарлап отыр.
Бұл учаскеде тағы не өзгереді?Әкімдіктегілер жолды кеңейту оның өткізу қабілетін арттырып, қозғалыс қауіпсіздігін нығайтуға және жақын маңдағы әлеуметтік нысандарға кіру жолын жақсартуға тиіс екенін түсіндірді.

"Аумақты кешенді абаттандыру қарастырылған, оның ішінде тротуарларды салу және жаңғырту, брусчатка төсеу, көгалдандыру және жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер бөлігі арасында буферлік жасыл жолақ құру, жекелеген учаскелерде тіреу қабырғасын орнату, сыртқы жарықтандыруды монтаждау, абаттандыру элементтерін орнату, көлік және жаяу жүргіншілер ағынын бөлу жұмыстары бар", – деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Әкімдік жаяу жүргіншілер аймағы қысқартылмайтынын атап өтті.
Бұған дейін мұнда ағаштар кесілген
Бұған дейін Tengrinews.kz Егізбаев көшесіндегі жаңа тұрғын үй кешені маңында ағаштар кесілгені туралы жазған болатын. Сол кезде тұрғындар шағын аллеяның орнында экскаваторлар жұмыс істей бастағанын айтқан еді.Әкімдік ағаштар Егізбаев көшесіндегі жаңа жалпы білім беретін мектепке баратын жолды салу үшін алынғанын түсіндірді. Экология басқармасы ағаш кесуге рұқсат берген, ал оның орнына мердігер өтемі ретінде ағаш отырғызуы тиіс.
Сонымен қатар жобада жолды кеңейту, тротуарларды жайластыру, жарықтандыру, көгалдандыру және аумақты абаттандыру қарастырылған.
Тағы оқығыз: Алматы әкімдігі аллеядағы ағаштарды кесу себебін түсіндірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus