Алаш автономиясы
Алаш автономиясы — қазақ халқының 1917-1920 жылдардағы өмір сүрген ұлттық мемлекеті.
Алаш автономиясы 1917 жылы - 13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп аталды.
Алаш автономиясының жетекшілері Кеңес үкіметінің қазақ халқына бостандық бермейтінін түсінді. Сондықтан Азамат соғысы (1918-1920 жж.) кезінде Кеңес құрылысына қарсы күштермен («Комуч», «Сібірдің уақытша үкіметі», «Уфа директориясы» — Ресейдің Қазақстанға жақын қалаларында өмір сүрген, кеңестік билікке қарсы бағытталған үкіметтер) одақтасуды көздеді. Алаштықтар Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен...