Гаджетомания: экран сәулесі адамды тез қартайтады, Көгілдір жарық Орегон штаты университетінің ғалымдары гаджеттер экранының көк сәулесі тірі ағзаны тез қартайтады деген шешімге келді. Ол өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді екен. Зерттеу туралы Aging and Mechanisms of Disease ғылыми онлайн-журналынан біле аласыздар.
Орегон штаты университетінің ғалымдары гаджеттер экранының көк сәулесі тірі ағзаны тез қартайтады деген шешімге келді. Ол өмір сүру ұзақтығына да әсер етеді екен. Зерттеу туралы Aging and Mechanisms of Disease ғылыми онлайн-журналынан біле аласыздар.
Тәжірибе дрозофил шыбындарына жасалған. Олар екі топқа бөлінген. Бірінде жәндіктер 12 сағат бойы көгілдір диодтар әсеріне ұшыраса, ал екінші топтағылар қараңғы қуыста болған.
Сынақ аяқталғаннан кейін бірінші топтағы дрозофилдерден көз торы мен ми нейрондарының зақымдануы, сондай-ақ қозғалыс функциясының бұзылуы байқалған. Бұлар екінші топтағыларға қарағанда аз өмір сүрді. Тәжірибені соқыр шыбындарға да жүргізген, бірақ нәтиже дәл осындай. Демек, диодтарды көзбен көру маңызды емес, жай оның қасында болғанның...