Он сан Орта жүзге ұран болған Олжабай[дың] әкесі Толыбайдың жалғыз құла шолақ биесі бар екен. Құла шолақ бие құлындап, арбаға байлап сауып отырғанда, ұры алып кетіпті. Он жеті жасар күнінде Олжабай сол іздеуге (ізлеуге) азық-түлік пісіртіп алып:
Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен шөлейтке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап, Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен. Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жайлауы Арқаның жоны екен. Сол кезде орта жүз қазағы Есіл мен Ертіс арасын қуалай шөлейтке келіп, мал семіртіп отырғанда, Қайдауыл дейтін өзеннің бойында дүниеге ер Олжабай келеді.+