Футболдан біздін ұлттық құрамамыз тарихи жетістікке жетті, 2021 жылы өткен Еуро-2020 турнирінде жартылай-финалға жеткен Дания ұлттық құрамасын, Астанада 3:2 есебімен жеңді. Бұл шынымен де Қазақ футболы тарихындағы ең жарық кездесулездің бірі. Кездесудің 73 минутына дейің 0:2 есебімен ұтылып, біздің жігіттер ойынның нәтижесін 16 минутта төңкеріп жіберді. Бірінші таймда Расмус Хойлунд, Италиялық Аталантаның жас ойыншысы жоқ жерден 2 дәл соққы жасап, біздін құрамамыздың үмітін түсірді. Бірақ ойынның 2-ші жартысына Қазақстан құрамасы жігерленіп... Читать дальше...
Құрбандыққа шалынатын мал түрлері және ерекшеліктері
Осман патшасы Қануни Сұлтан Сулейман хан әскерлерімен бір христиан ауылынан өтіп бара жатып, жол тар болғандықтан әскерлерінің бір бөлігіне жүзім бақшасының ішімен жүруге тура келеді. Әскерлердің бірі бір бау жүзім жұлып алып орнына бір дорба ақша байлап кетеді. Патша ауылдан шыға берісте аздап тынығып алу үшін тоқтайды. Сол сәтте ауылдық христиан шаруа қастарына келеді. Қобалжып тұрған әлгі кісі бас қолбасшыға келіп ризашылығын білдіреді.
Тәкаппарлық – өзін басқалардан жоғары деп санау деген сөз. Хадис шәрифте: «Тәкаппарлық – өзінікі қате болса да мойындамау, басқаларды өзінен төмен деп санау» делінген. (Мүслим)
Cтамбулдың алынуы әрі Түрік-Ислам тарихында, әрі Еуропа тарихында үлкен өзгеріс кезеңі болды. Ислам діні келген кезде әлемде екі үлкен мемлекет бар еді. Бірінші, Иран Сасани империясы, екіншісі Шығыс Рома (Византия) империясы. Бұл екі алып империялардың алынуымен сол аймақпен қоса біршама елдердің исламды тануына жол ашылар еді. Шын мәнінде де солай болып, Иранның алынуымен Орта Азия елдері мен Үндістан секілді біршама аймақтар исламды тану мәртебесіне қауышты.
Адамдардың разылығын, игі дұғасын, батасын алуға тырысу керек. Ренжітуден, қарғыс алудан аулақ болған жөн. Дұға - қаза мен тағдырды өзгертеді. Бір игі дұғамен өмір жасы ұзаруы мүмкін. Ал қарғыспенен, әсіресе ата-ананың, салих туыстардың қарғысымен өмір қысқаруы мүмкін. Сондықтан аузымыздан шығатын сөздерге мұқият болғанымыз дұрыс. Аталарымыздың да «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген даналық сөздері бекер емес.