Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университетінде «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XIV республикалық пәндік онлайн форматында өткен олимпиадасыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультетінен қатысып, 3 –ші орын иеленген 3 курс студенттерінен құралған команда мүшелерін Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымы құттықтайды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XIV республикалық пәндік олимпиадасы 2022 жылы... Читать дальше...
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к., Қозғамбаева Гүлнәр Бестібайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстандағы көпсалалы білім беретін алдыңғы қатарлы оқу орны. Алғашында Қазақ Мемлекеттік университеті деп аталды. Ол РКФСР Халық Ағарту Комиссариатының шешімімен 1934 жылдың 1 қаңтарында құрылды. Оның құрамында алғашында физика-математика және биология факультеттері болды. Университет отандық ғылым мен техниканы, мәдениет пен жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосып отырды. Читать дальше...
Психология ғылымының адам өмірі үшін маңызы
ҚаҺарлы қыстың сызынан соң құлпырып жайма-шуақ көктем келген. Алматының көктемі жанға жылулық сыйлайтын ерекше ғой, шіркін! Барлық тіршілік атаулыға жан бітіп, қалың ұйқысынан оянған табиғат одан сайын жандана түскендей. Әуелете ән салған құстар, жасыл желектерімен жайқалған ағаштар, адамдарға шабыт сыйлап жаңа тынысты ашқандай. Сондай ғажап күндері университет сабақтарына қаланың тұрғындарға лық толы көшелерін аралап барғанды ұнатамын. Оған қоса, дәл сол уақытта аралық бақылаулар бітіп, арқадан... Читать дальше...
Мақала авторы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1-курс магистранты Ниязов А.Е.