Мақала барлық оқырманға арналған.
Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Жастық шақта бәрін көріп-білу керек деген түсінік саналарын жаулап алады. Есірткі оның өмірін ақырын құрдымға апара жатқанын сенбейді де.
Қазақ халқы ежелден қыз баланы, әйел затын сыйлап, аялап өсірген. Ел билеген хан, халықты аузына қаратқан батыр болсын — бәрі де ақыл иесі әйелдің сөзіне тоқтаған; әйелмен ретті жерде кеңесіп, ілтипат көрсетіп отырған. Қазақ даласының құмға батқан қалаларының аты-ақ — мысалы, «Баршынкент» — халқымыздың әйел адамға, лайықты қыздарына деген қадір-құрметін көрсеткендей. Сол сияқты өнерлі әйелге де халық құрметпен қарап, қошамет тұтқан.
Жер атты планетаның кішкене ғана бұрышын Отан еткен өзінің аз халқының мұңы мен мұратын, бостандығы мен бақытын жырлау арқылы әлемдегі бүкіладамзаттық мәдениеттің биігіне көтеріліп, халықтар махаббатына бөленген Пабло Неруда — ақындық тағдыры мен өмір жолының адамзат тарихындағы үлкен дарын қонған ұлы адамдарға ұқсастығымен емес, өз творчествосының ешқайсысына ұқсамайтындығымен ұлы да дара.
Осы сауал мені көп ойландыратын. Әлі ойландырып келеді. Себебі біз поэзия мен оның өкілдері туралы сыни-мақалалар мен әр түрлі жиын-кеңестерде жасалған баяндамалардан шамамен «Әйел ақындардың арасында пәленше-түгеншелер біршама жазып жүр», — деген секілді пікірлерді бойымызға сіңіріп өстік. Жалпы, әдебиет (өнердің қай саласында да солай болар) есігін алғаш ашқан кезде адамда сол ортаға деген құштарлық әсіресе басым болатын тәрізді.
Совет әдебиетшілерінің үлкен форумы — жазушылар съезінің алдында қаламгер ретінде ой-толғаныстарыңды бүкпесіз ортаға салу, жақсысына сүйініп, жаманына күйініп жүретін төл әдебиетіңнің осы тұстағы тұлғасына үңіле қарап, көкейкесті мәселелеріне жанашырлықпен араласу — әрбір ақын-жазушының парызы. Алайда жас сәбиді тәрбиелеу ісінің белгілі бір мереке-думанға бағышталып-бағынбайтыны тәрізді, әдебиеттің өсіп-өркендеуі мен кемшілік-жетістіктері хақындағы талғамды талап, пікір-кеңестер де, меніңше, науқаншылық деген ұғымнан тыс... Читать дальше...