Абылайдың Қалдан Серенге тұтқынға түсуі. Жоңғарлардың қырғыздарға жасаған бір шабуылында Абылай жекпе-жекте Қалданның ұлы Шаршыны өлтіреді.
Қалмақтың ханы кәрі Аюке жалғыз қызын қырық қыз қосып, Қалдан Шерінге жіберген екен: «кімге берсе билігі Қалданда» деп.
Қалмақта құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін деген хан болған. Оның Қарабас ханымы деген ханымы болған. Ежен (Айжан) деген жалғыз баласы болған. Қарақалмақ Қатысыбан деген қалмақтың ханы «қоңтажы» атанған. «Он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт» деген қалмақтың ханы кәрі Аюке-Тіпсіре Шабдаршаптың баласы болған. Бұлардан бөлек «ұрының қарағашы» атанған жақта руса, Серең (Сыраң) деген жайсаңдары болған. Бәрінің зоры Қалдан Шерін болып, заманында қалмақ біткен соның аузына қараған. Қалдан Шерін дәуірлеп тұрған... Читать дальше...