Абылай хан Қалдан Шерінге жауласпай тұрған күнінде көп елші жіберген екен. «Қазақ, қалмақтың тыныштанып, бір-біріне тимей тұруы үшін елдесіп, бітісіп келіңдер» деп. «Қазақтан көп жолаушы келіпті» деп естіген соң, Қалдан Шерін ханымы Қарабас ханымды атқа мінгізді дейді:
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта ноғайлы билеп-төстеп қоныс қылып, «он сан ноғай ормамбет би өлгенде, сол Ормамбеттің елі бір алаша тайдай бүлініпті» деген сөз бар. Сонан қалмақ билеп-төстеп, мекен қылған екен. Қара қалмақ Қатысыбан қоңтажының тұсында он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт «Аюкенің ауыр қолы» атанған. «Құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін тұсында қалмақтың құтын қашырып, Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай хан екен» дейді.
Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен.
Қалмақ елі етек-жеңін жинағаннан кейін, Шарыш сынды батырды өлтіріп, елін үлкен күйзеліске ұшыратқан Абылайды іздеді. Ұзақ уақыт іздеп, ақырында Ұлытау қобылары арасында қапылыста, ұйқыда жатқан кезінде Абылайды ұстап, Ғалдан ханға тапсырды.
Абылай хан 12 жасында қасында Оразалық деген сарт бар екен. Түркістан шаһарына келіп Әбілмәмбет патшаға келіп қызмет қылады. Онда орнығып тұра алмай, ұлы жүз үйсін Төле бидің түйесін бағады. Онда да байырлап тұра алмай, Сарыарқаға шығып атығай-қарауылдың ішіне келіп, Дәулеткелді байдың түйесін бағыпты.
Абылайдың аты Әбілмансұр еді. Әкесі қызылбастың ханы еді. Әбілмансұр бес жасқа келгенде әкесі өледі. Хан өлген соң орда иесіз қалады. Әбілмансұр мұрасынан айрылып, сырт елге қаңғырып кетеді.