Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады. Гүлдері жапы-рақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі даражы-нысты, кейде қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жі-ңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Читать дальше...
Бала апасы мен көкесінің үйінде жүрді. Осы кісілерге таңғалады. Әңгімелері бір таусылмайды. Үнемі жарасып отырады. Осы үйде тұратын аға-әпкелері үстел басынан тұрып кеткеннен кейін де, көкесі мен апасы шайын ішіп, әңгімелесіп отыра беруші еді.
Сіз жаңа тілді оқып, музыка аспабында ойнауды үйреніп немесе оқып жатқан кітабыңыздың мағынасын түсінуге тырысып жүргеніңізде адам миында болатын процестерді жақсырақ қадағалауға болады. Ой әрекетінің принциптерін түсіну үшін мына алты фактіні білу қажет.
Педагогикада өзін-өзі дамытудың ролі маңызды әрі қажет. Өйткені, бұл педагогқа өмірдің әр саласындағы білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді, ал ол, өз кезегінде, әрине, оқушылардан көрініс табады.
Педагогтың өзін-өзі кәсіби кемелдендіруі – педагогтық қасиеттерді мұғалім өз алдына қоятын шарттар мен талаптарға сәйкес жетілдіріп, дамытуға бағытталған процесс. Педагогтың табысты өзін-өзі кемелдендіруі талап шегі оның қазіргі дағдылары мен машықтарынан недәуір жоғары қойылады дегенді білдіреді, олай болмаған жағдайда қолда бар мен қаланатынның арасында қайшылықтар пайда болып, өзін жетілдіру үшін атқарылатын жұмыстар еш нәтиже әкелмейді.