Тек Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл-Бируни, лақабы Әбу Райхан. Анасы оны қиын шарттарда, отын сатып өсірген. Бала кезінен ғылымға және зерттеуге ынталы болған. Харезмшахтарының қамқорлығына алынып сарай тәрбиесімен өскен. 17 жасынан бастап жетістіктерімен көріне бастады.