Баубек осылайша қаза болды
Мен 1924 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, осы Егіндібұлақ селосында туып өстім. Қазір де осы жерде тұрып жатырмыз.
Қызыл әскер қатарына 1942 жылы сентябрь айында Жарма аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылдым.
Әскер қатарына алынғаннан кейін 1943 жылдың май айына дейін 9-атқыштар бригадасында Саратов облысында болдым. 5 ай осы жердегі батальон штабында писерлық қызмет атқардым. Май айында бізді Пугачев қаласынан майданға аттандырды. Майдан шебіне жақын қалғанда 394-атқыштар дивизиясының 810-полкына қосты. Осы полкта мен 1945 жылдың октябріне дейін бөлімше командирі болып қызмет атқардым. Орел - Курск операциясы кезінде 4-Украина майданының кұрамында Харьков маңайында бірінші рет соғысқа қатыстым. Осы полк құрамында Украинаның Кривой...