Қырымда автобусты пойыз соғып, бес адам опат болған
Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінде электр пойызы жолаушысы бар шағын автобусты соғып, салдарынан бес адам мерт болған. Бұл туралы апат орнындағы жедел штабтағы дереккөзіне сілтеме жасап "Интерфакс" хабарлады. Сәуірдің 8-і күні жергілікті уақытпен сағат 12-ге қарай Красноперекопск ауданындағы теміржол арқылы өтетін көлік өткеліне шығып кеткен Mercedes маркалы шағын автобусты жылдамдықпен келген Керчь - Армянск бағытындағы электр пойызы соққан. Алдын ала болжам бойынша, оқиға автобус жүргізушісінің кінәсінен болған. Читать дальше...