Дағыстанда қарулы екі күдіктінің оққа ұшқаны хабарланды
"Эндирей ауылындағы жеке үйге бекінген екі содырдың көзі жойылды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр", - деген агенттік сөйлескен адам.
Оның сөзінше, арнайы операция жүргізілген жерден бірнеше атыс қаруы табылған.
Бұған дейін артнайы бөлімше Эндирей ауылындағы қарулы күдіктілер екінген жеке үйге шабуыл бастағаны туралы хабарланған.
Кейін террорға қарсы ұлттық комитет оққа ұшқан екі күдіктінің республика аумағында құқық қызметкерлеріне қарсы жасалған шабуылдарға, соның ішінде биыл Комсомол елді мекенінде ішкі істер министрлігінің екі қызметкерін өлтіру қылмысына қатысы бары туралы мәлімдеген.