Дағыстанда күдіктілер бекінген үйге қарсы операция жүріп жатыр
«Полиция тексеруі кезінде Хасавюрт ауданындағы Эндирей ауылындағы жеке үйлердің бірінен белгісіз біреулер оқ атқан. Салдарынан бір құқық қызметкері жараланған. Оқиға орнына қосымша күштер жеткізілді. Үй қоршауға алынды» деп хабарлаған агенттікке дерек көзі.
Оның сөзінше, қоршауға алынған үйде қанша адам бары белгісіз. Күш құрылымдары оларға қарсы шабуыл бастаған.