ОҚО-да Рамазан айына орай тегін қызмет көрсететін таксилер пайда болды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Рамазан айының басталуына орай таксилер тегін қызмет көрсететін таксилер пайда болды. Отырар ауданында таңертеңнен бері 4 көлік жолаушыларды тегін тасымалдауда. Жағымды ақпаратты жергілікті тұрғын Еркеғали Таңатаров фейсбук әлеуметтік желісінде жария еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.