Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Мыңжылдық аллеясы мен GreenLine желілік паркін абаттандыру барысымен танысты

Мемлекет басшысы "Мыңжылдық" аллеясы мен Greenline желілік паркінің екінші кезеңіндегі абаттандыру жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Президентке Астана әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Мыңжылдық" аллеясын жүйелі дамытуды шұғыл қолға алу туралы тапсырманы 2023 жылы берген болатын. Жоспар бойынша аллея елорданың көркем жерлерінің біріне айналатын, кең әрі жайлы жасыл саябақ болуға тиіс еді.

Былтыр Президентке "Мыңжылдық" аллеясының ландшафтық мастер-жоспары таныстырылды. Сол кезде Байтұрсынов, Нұрмағамбетов, Нәжімеденов көшелері мен Тәуелсіздік даңғылының бойындағы желілік паркті, соның ішінде іргелес орамдарды абаттандырудың бірінші кезеңі басталды.

Биыл көктемде Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры мен "Нұрлы жол" вокзалының маңында жұмыстар басталды.

"Мыңжылдық" аллеясын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

"Мыңжылдық" аллеясын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Greenline гүлзары сол жағалаудағы "Нұра" ауданында орналасқан. Былтыр мұнда 3,8 гектар аумақты қамтыған жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды. Жоба жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын, сәулеттік элементтер мен жасанды тоғандарды қамтиды.

Greenline гүлзарын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Greenline гүлзарын абаттандыру. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus