1 маусымнан бастап Қазақстан вокзалдарында жолаушылардың жүктері тексеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап еліміздің барлық өңірлік теміржол вокзалдарында жолаушылардың қол жүктері мен багаждары ішінара тексеріледі. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.