Ақтөбеде үйі суға кеткен 66 тұрғынға жер телімі берілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 81 үй қирап қалды. Құлаған 66 үйдің иесіне жер телімі беріліп, құрылыс материалдарына 1 миллион теңгеден аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.