Универсиаданың ашылуы: Спортшылар шеруінде ҚР Туын Дәулет Рахымбаев алып жүрді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дәл қазіргі уақытта Алматыда 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтіп жатыр. Әлемнің 57 елінен келген спортшылар салтанатты шерумен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.