Александр Зайчиков облыстық музейге спорттық формасын тарту етті - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін, Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінде жерлесіміз, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Александр Зайчиковпен кездесу өтті. Шара барысында белгілі ауыр атлет жарыстан алған әсерімен бөлісіп, Риода марапаттау салтанатында киген спорттық формасын музей қорына тарту етті.