Елордада алғаш рет үшсайыстан жарыс өтті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Астаналық саябақта 200 астам адам Super sprint triathlon Astana - 2016 жарысында шеберлік байқасты. Жарыс үш кезеңмен өткізілді: 350 метрге жүзу, велосипедпен 20 шақырымды бағындыру және 2,5 км жүгіру, деп хабарлайды қаланың ресми сайты.