Бетперде киген қарулы үш адам Қарқаралыдағы банкті тонамақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласында ескерту батырмасының арқасында банк бөлімшесіне шабуылдың алды алынды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысының м.а. Батырхан Смайылов телефон арқылы хабарлады.