Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Емделуді бастадым“: Елеусінов ішімдікке қатысты проблемаларын мойындағаннан кейін пікір білдірді

Бокстан Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов емделіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Sport спортшының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
35 жастағы Данияр Елеусінов оқырмандарына қазіргі жағдайын көрсетті. Оның айтуынша, ол ем қабылдауды бастаған.

"Міне, емделуді бастадым, тек дәрі тамызу емес, жалпы толық кешенді ем. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Сондықтан кейбір жайттарға көңіл аудармаңыздар, мүмкін біреуді ренжіткен шығармын, артық сөз айтқан болармын, кімнің басынан өтпейді, менде эфирге шыға салатын жаман әдет бар. Бірақ бұдан былай бұл қайталанбайды деп ойлаймын.
Мен бұл дерттен арылуға бел будым. Жақында қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді де бақытты Данияр қайта оралады", - деп мәлімдеді боксшы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Елеусінов неден емделіп жатқанын нақтыламады. Алайда тамыздың ортасында боксшы 2016 жылғы Олимпиададағы жеңісінен кейін ішімдікке қатысты мәселелер туындағанын, оның арты ауруға ұласқанын мойындаған еді.
Данияр Елеусінов Астанадағы жол апатынан кейін АҚШ-қа кетіп қалды
Еске салайық, Қазақстанның соңғы Олимпиада чемпионы 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан болатын.
Қазіргі уақытта оның еншісінде 13 жеңіс (8 нокаут), бірде-бір жеңіліс жоқ және IBF Inter-Continental чемпионы атағы болған, алайда мансабындағы мәжбүрлі үзіліске байланысты бұл атағынан мәжбүрлі айырылды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ᴏᴋᴏʟᴏꜱᴘᴏʀᴛᴀ (@okolosporta_kz) жарияланымы


Еске сала кетейік, 9 шілдеде Елеусінов Астанада мас күйде көлік жүргізіп, ірі жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін ұсталған болатын. Елорданың әкімшілік соты боксшыны 20 тәулікке қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
28 шілде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан кейін бостандыққа шықты, ал тамызда кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа ұшып кетті. Бұл ретте Данияр Елеусіновтің жаңа жекпе-жектерінің күні әзірге хабарланған жоқ.
Былтыр боксшы UFC басшысы Дана Уайттың Zuffa лигасымен келісімшартқа отырды, бірақ әлі бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ. Олимпиада чемпионының соңғы кездесуі 2025 жылдың 19 шілдесінде Вашингтонда өтіп, онда филиппиндік Джеймс Бэконды мерзімінен бұрын жеңген болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация: Қазақстан Кәсіпқой Боксы (@kazboxingtm)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus