Жетісу өлкесінен Астанадағы жәрмеңкеге 323 тонна өнім жеткізілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астанадағы Оқушылар сарайының жанында Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге облыстың 15 ауданы мен 3 қаласы қатысып, астаналық тұтынушыларға азық-түліктің 40-қа жуық түрін ұсынды, деп хабарлады Алматы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.