Риоға тек алтын алу үшін бара жатырмын - Данияр Елеусінов (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мен үшін 69 келі салмақтың жауапкершілігі өте ауыр. Себебі, бұл салмақта соңғы 3 Олимпиадада ағаларым тек қана алтын алып келді. Бұл «алтын жолды» жалғастыру - менің де міндетім әрі арманым. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісіне берген сұхбатында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов мәлімдеді.