АУА РАЙЫ: Сенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 шілдеде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді. Батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста жауын -шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.