«Даму» қоры 264 млрд. теңгеден астам сомаға ШОБ субъектілерінің 1353 жобасын қаржыландырды - Л.Ибрагимова
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Даму» қоры 264 млрд. теңгеден астам сомаға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 1353 жобасын қаржыландырды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова айтты.